Уалиев Ғахип – 1941 жылдың 14 қарашасында Павлодар облысы, Үрлітөбе ауданының Еңбекші ауылында туған, техникалық ғылымдар докторы, механика профессоры, ҚР Ұлттық ғылым Академиясының, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының, ҚР Жоғарғы мектебінің ҰҒА академигі.
Уалиев Ғ. Павлодар облысының мектеп мұғалімі болып жұмыс істеген (1958-1960 жж.), ҚазМУ механико-математикалық факультетінің студенті (1960-1965), АНСССР машинатану Институтының аспиранты (1965-1970 жж.), аға оқытушы, доцент (1970-1973 жж.), ҚазМУ қолданбалы механика кафедрасының меңгерушісі (1973-1983 жж.), ҚазМУ механико-математикалық факультетінің деканы (1983-1989 жж.), ҚазМУ ғылыми қызмет бойынша праректоры (1989-1992 жж.), ҚР ВАК төрағасының орынбасары (1992-1995 жж.), ҚазМУ механика кафедрасының меңгерушісі (1995-1999 жж.), Абай атындағы АМУ физико-математикалық факультетінің деканы (1992-2002жж.), ҚР МОН механика және машинатану Институтының директоры (2002-2008 жж.), 1999 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Абай атындағы механика және қолданбалы физика кафедрасының меңгерушісі.
Ғылым және техника саласында Қазақстанның мемлекеттік премиясының лауреаты, У.Джолдасбеков атындағы премиясының лауреаты және ҚР НИА алғашқы Алтын алқасының иегері, «Европалық грант» Халықаралық премиясының лауреаты, Алтын алқа иегері. СССР жоғары мектебінің озаты, ҚР білім озаты. СССР білім министрлігінің, ССР орта машинатану Министрлігінің, Рсей Федерациясының Халықаралық инженерлік ҒА, ҚР білім және ғылым министрлігінің, ҚР ҰҒА және ҚР НИА құрмет грамоталарымен және медальдарымен марапатталған. Железин ауданының құрметті азаматы.
Цымлянский Валентин Васильевич – 21 қыркүйек күні, Кабардино-Балгар АССР Прохладное қаласында, еңбеккер отбасында туған. Мектеп бітіргеннен кейін, Нальчик ауылшаруашылық техникумына агроном мамандығына оқуға түседі де, оны 1949 жылы үздік бітіреді. Техникумды тәмәмдағаннан соң Мәскеуге, К.А.Тимирязев атындағы Ауылшаруашылық академиясына оқуға жіберіледі және агрономия факультетіне қабылданады. 1954 жылы Тимирязевканы «Ғылыми агроном» атағында үздік тәмәмдап, комсомол шақыруымен, Павлодар облысының Михайловка ауданына тыңға Веселый труд совхозына агроном жұмысына жіберіледі. Колхозда 1956 жылға дейін еңбектенген, ал наурыз айында Үрлітөбе ХТС директоры болып тағайындалады. 1957 жылдың наурыз айында Советский Казахстан совхозының директоры болып тағайындалады, бұнда 1988 жылға дейін – тура 30 жыл еңбектенеді. 1988 жылы зейнеткерлікке шығады. «Құрмет белгісі» Орденымен, «Қазақ СССР ауыл шаруашылығының еңбегі сіңген қызметкер» атағымен, ВДНХ Кіші алтын және Үлкен күміс алқаларымен марапатталған. Барлығы Үрлітөбе ауданында, Советский Казахстан совхозында ауыл шаруашылықты дамытқаны үшін 15 сыйы бар.
Ерең еңбегі үшін «Қазақ ССР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері», Железин ауданының Құрметті азаматы.
Проскуряков Степан Николаевич - 1937 жылдың 6 қаңтарында Павлодар облысының Железинка ауылында туған. 1954 жылы, Железин орта мектебін бітіргеннен кейін, В.И.Ленин атындағы Саратов құрылыс техникумының үшінші курсына түседі. Техник-құрылысшы дипломымен Балашов облысының (қазіргі Волгоград) Елан райисполкомына, колохоздарда құрылыс бойынша бөлімінің меңгерушісі жұмысына жіберіледі. 1957 жылдың қара айында Кеңес Әскерінің қатарына шақырылады. Әскерден кейін Саратов политехникалық институтына оқуға түседі. Екі жылдан кейін Павлодар индустрия институтына сырттай бөлімге ауысады, оны тәмәмдағаннан кейін инженер-құрылысшы мамандығына ие болды. 1963 жылдан қазіргі уақытқа дейін еңбек қызметі Железин ауданымен байланысты.
«Еңбек айбыны үшін», «Еңбек ардагері», «Құрмет белгісімен», «Еңбек Қызыл туы» орденадарымен марапатталған.
Железин ауданының құрметті азаматы атағының иегері.
Прокопцов Анатолий Иванович - 1941 жылдың 14 ақпанында, Павлодар облысы Үрлітөбе ауданының Михайловка ауылында туған. Еңбек жолын 1958 жылы «Победа» колхозының тракторшысы болып бастаған. 1960-1963 жж. Кеңес Әскерінде борышын өтеген. 1965-1971 жж. – Қазақстан Компартиясының Железин райкомының нұсқаушысы, 1971 – аудандық сырттай орта мектебінің директоры, 1977-1979 жж. – «Озерный» совхозының партия комитетінің хатшысы, 1979-1984 жж. – Железин аудандық халық депутаттары исполкомының хатшысы, 1984-1991 жж. – Қазақстан Компартиясы Железин райкомының ұймыдастырушы бөлімінің меңгерушісі, 1991-2004 жж. – Железин селолық округының әкімі. 2004 жылда зейнеткерлікке шыққан.
Наградалары бар: облыстық халық депутаттары одағыны, және аудандық әкімшіліктің құрмет грамоталары, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің алғыс хаты, ерең еңбегі үшін медальдар, «Еңбек озаты», «Ерең еңбегі үшін» ордендардың иегері.
Железин ауданының құрметті азаматы.
Адамов Жолат Назымбекұлы – 1933 жылдың 26 тамызында, бүгінгі Кашыр ауданының аймағында орналасқан, Бектеміс ауылында туған. Білімі жоғары, 1973 жылы ЦК КПСС Сырттай жоғары партиялық мектебін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1951 жылдың қыркүйек айында Максим-Горький ауданының Байқоныс ауылының жеті жылдық мектебінің мұғалімі болып бастаған. 1952 жылдың маусым айынан бастап 1954 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан ЛКСМ Максим-Горький райкомының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып еңбектенген.
1954 жылдың сәуір айынан 1955 жылдың сәуір айына дейін Адамов Ж.Н. Михайловка депутаттар Кеңесінің нұсқаушысы болып жұмыс істеген, 1955 жылдың сәуір айынан 1957 жылдың наурыз айына дейін – Михайловка ауданының ауылдық депутаттар Кеңесінің исполком хатшысы, 1957 жылдың наурызынан 1961 жылдың мамырына дейін – Үрлітөбе ауданының Петропавловск ауылдық депутаттар Кеңесінің төрағасы, 1961 мамыр айынан 1961 жылдың тамыз айына дейін – Үрлітөбе ауданының Михайловка ауылдық депутаттар Кеңесінің төраға орынбасары болып еңбектенді. Тамыздан бастап 1963 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Компартиясының Үрлітөбе аудандық комитетінің ұйымдастырушы бөлімінің нұсқаушысы болып істеген, 1963 жылдың қаңтар айынан 1964 жылдың сәуір айына дейін – нұсқаушы, 1964 жылдың суірінен 1965 жылдың қаңтарына дейін – Железин өндіріс басқармасының партия комитетінің ұйымдастырушысы, 1965 жылдың қаңтарынан 1969 жылдың қараша айына дейін – Железин ауданының «Веселая Роща» совхозының партия комитетінің хатшысы, 1969 жылдың қарашасынан 1973 жылдың маусымына дейін – Қазақстан Компартиясының Железин ауданының ұйымдастырушы бөлімінің меңгерушісі болып еңбектенген.
1973 жылдың маусым айынан 1991 жылдың ақпанына дейін Жолат Назымбекұлы – Железин халық бақылау райкомының төрағасы, 1991 жылдың ақпанынан 1996 қазанына дейін – Железин аудандық статистика бөлімінің бастығы, 1997 қазанынан 1998 жылдың қыркүйек айына дейін – Железин аудандық білім бөлімінің қазақ тілінің аудармашысы. «Тың жерді игергені үшін», «адал еңбегі үшін», «В.И.Лениннің 100-жылдығына қарсы», «еңбек айбыны үшін», «Еңбек ардагері», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» алқаларымен марапатталған. Железин ауданының құрметті азаматы.
Старусев Сергей Иванович - 1923 жылдың 5 қазанында, РФ Башкортастан, қазіргі Иглин ауданында туған. 1942 жылы Харьков әскери-авиациялық училищесін, 1949 жылы Таганрок ауылш шаруашылық механизация институтын тәмәмдаған. 1949 жылдан бастап Павлодар облысында жұмыс істеген. 1949-1972 ж.ж. – Шалдай орман шаруашылығында инженер-механик, Галкин Райзо меңгерушісі, Михайловка ХТС директоры, Павлодар ауыл шаруашылық және дайындама басқармасының бастығы, Ертіс аумақтық басқармасының бастығы, Железин партия райкомының төрағасы, Павлодар облисполкомы төрағасының 1-ші орынбасары.
1972-1985 жж. – Павлодар партиясының обком хатшысы, 1985-1991 жж. – облыстық ауыл шаруашылық техника қоғамы басқармасының төрағасы. Ленин орденымен және басқа да ордендармен және медальдармен марапатталған. Железин ауданының құрметті азаматы.
Ахметов Жамбыл Шайдуллаұлыч – 1939 жылы Железин ауданының Есқара ауылында туған. Туған ауылында 10 классты бітірген. Әскерге барған. Целиноград ауыл шаруашылық институтын тәмәмдаған. 1968-1990 жылдары ауданның бірнеше шаруашылығында бас есепші міндеттерін атқарған, есеп-қисап бойынша үздік маман ретінде танылған. 1990-1198 жылдары Железинка совхозын басқарған. Совхоз экономикасын жоғары деңгейге көтерген. Шикізат өндіретін көптеген зауыттарды ашқан. Осылайша, Железинка совхозы ауыл шаруашылықтың бірінші қатарында орын алған, халық тұрмысы жақсарды.
1990 жылдың тамыз айында Жамбыл Ахметов совхоз директоры болып тағайындалады. Жамбыл Ахметовтың жұмыс істеген жылдар бойы 20 үй салынды, Комаровкада бидай астық қоймасы салынды, Пятерыжскіде жаңа мектеп ашылды.
Карпец Ольга Петровна – 1927 жылдың 15 ақпанында Ровен облысының Здолбунов қаласында туған. Соғыс жылдары жараланған анасымен бірге Ольга Петровна Үрлітөбе ауданының «Красный партизан» колхозына жіберілді. 1942 жыл еді. Ол балаларының аш көздеріне қарай алмай, балаларым үшін еңбектенемін деген шешім қабылдады. 1943 жылы жеті классты бітіріп, Павлодар педагогикалық училищесіне оқуға түседі. 1944 жылы сырттай бөлімге ауысып, «Красный партизан» колхозының кіші сынып мұғалімі болып жұмыс істей бастайды. 1944 жылы «Красный партизан» колхозында, жеті жылдық мектеп ашылды. Бұнда О.П.Карпец орыс тілі мен әдебиет пәндерін бере бастайды. 1945 жылы, училищены тмәмдауға бір жыл қалғанда, Михайловка орта мектебіне ауысады. Осында 1958 жылға дейін еңбектенеді. 1948 жылы Семей мұғалімдер институтына оқуға түседі, оны 1955 жылы үздік тәмәмдайды. 1956 жылы О.П.Карпец Омбы пединститутының орыс тілі және әдебиет факультетіне оқуға түседі де, оны 1960 жылы үздік тәмәмдайды.
1958 жылдың тамыз айынан Ольга Петровна Железин орта мектебінде жұмыс істей бастайды. Оның барлық педагогикалық өмірі осы мектеп қабырғасында өтті: мұғалім, меңгеруші, тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары.
Оның «ҚазССО халық ағартушылық озаты» белгісі, ҚазССр еңбек сіңірген мұғалімі атағы, «Ерең еңбегі үшін. В.И.Лениннің 100-жылдығына қарсы» алқасы, «Еңбек ардагері», құрмет грамоталары бар. Железин ауданының құрметті азаматы.
Омаров Әмірхан Аубәкірұлы – 1938 жылы туған, Семей педагогикалық институтын «Орта мектептің математика мұғалімі» мамандығы бойынша және Алматы жоғары партиялық мектебін тәмәмдаған. Педагогикалық институтын тәмәмдағаннан кейін, Калленинск орта мектебінің, Абай сегіз жылдық мектебінің мұғалімі, Комаровка мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болып істеген.
1969 жылдан А.А. Омаров – партиялық қызметте, «Червоно-Украинский» және «Прииртышский» аудандары совхоздарының партиялық ұйымдарын басқарған, 14 жылдан астам Приертіс совхозының партком хатшысы болып істеген. 1985 жылы А.А. Омаров Қазақстан Компартиясының Железин райкомының идеология бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.
Әмірхан Аубәкірұлы «НұрОтан» аудандық партия ұйымының бірінші төрағасы болып отыр. «Еңбек ардагері» алқасының, ҚазССр 50-жылдығына орай естелік омырау белгісінің, «Қазақстан тәуелсіздігіне – 10 жыл» алқасының иегері.
Зейнеткерлікке шыққалы бері Ә.А. Омаров белсенді саяси-қоғамдық жұмыс жүргізеді. Бүгінгі таңда ол «Қазақ тілі» аудандық қоғамдық ұйымын басқарып отыр.
Железин ауданының құрметті азаматы болып отыр.
Семанин Сергей Николаевич - 1925 жылдың 21 қазанында Татарстанның Тельман ауданының Старое Альметьево ауылында туған. 1941 жылдан 1942 жылға дейін осы ауылда Тельман ХТС тракторшысы болып істеді. 1942 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылды. 1944 ауыр жарақат алып, ем алғаннан кейін үйіне жіберіледі. Соғыстан кейін комбайншы, тарктор бригадасының бригадиры, шопыр болып еңбектенген.
1954 жылдың көктемінде комсомол жолдамасымен Казақстанға келіп, тың жерлерді игереді. 1956 жылға дейін «Красный Октябрь» колхозында ХТС механигі болып істейді, 1958 жылдан 1965 жылға дейін Захаровка ауылында басқарушы, 1965-1969 жылдары – «Михайловский» совхозының бас агрономы болып істеген. 1969-1981 жылдар – «Веселая роща» совхозының директоры. 1972 жылыСемей ауылшаруашылық институтын тәмәмдады. 1981 жылы зейнеткерлікке шыққан. Зейнеткерлікте бол тұра, 6 жыл бойы «Железинский» совхозының азық өндіру бойынша директор орынбасары болып істеген.
Железин ауданының құрметті азаматы болып отыр.
Арғынов Ғабдулла Қайыргелдіұлы – Омбы облысының Нововоршавс ауданының Караман ауылында туған, пединститутты бітіргеннен кейін, Ертіс ауданының Тельман сегіз жылдық және Суворов орта мектептерінде директор болып істейді.
1967 жылдан бастап Ертіс ауданының Амангелді атындағы совхозының партком хатшысы, Ертіс және Железин райкомдарының хатшысы және екінші хатшысы болып жұмыс істейді, 1977 жылдан 1983 жылға дейін Железин исполкомының, халық депутаттары одағының төрағасы болып істеген. Осы жылдары шаруашылықтар арасында тас жолдарын абаттандыруға көп көңіл бөлінген. Аудан орталығында негізгі көшелерге асфальт салынды, қылқан ағаштар отырғызылды, басты көшелерге жарық орнатылды, аудан орталығы мен «Үрлітөбе» совхозының арасында, михайловкадан Есқара арқылы «Советский Казахстан» совхозына дейін, «Веселая Роща» совхозынан «Михайловка» совхозына дейін тас жолдар салынды, Железинакдан Михайловкаға қарай тас жолдың бет асфальтпен жабылды.
1979 жылы Омбы а/ш институтының сырттай бөлімін тәмәмдаған. 1983 жылдың мамыр айнан зейнеткерліккен шыққанға дейін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететін облыстық ұйымының бас директоры болып жұмыс істеген.
Железин ауданының құрметті азаматы болып отыр.
Битенов Кайролла Битенович – Железин ауданының «Ахметча» ауылында туған. 1967 жылы Целиноград ауыл шаруашылқ институтының экономика факультетінің сырттай бөлімін бітірген. 1963 жылдың шілдесі – 1968 ж. Қазаны – «Червоноукраинский» парткомының хатшысы.
1968 жылдың қазан айынан 1974 жылдың ақпан айына дейін – Павлодар облысы Железин ауданының «Лесной» совхозының директоры. 1974 жылдан 1976 жылға дейін «Михайловка» совхозының партком директоры. 1976 жылдан 1983 жылға дейін – Железин ауданының насихаттау бөлімінің меңгерушісі.
Железин тігін фабрикасының директоры, Железин райкомының халық депуттаттары Кеңесінің ұйымдастырушы бөлімінің меңгерушісі, Железин ауданының ГО штабының бастығы болып істеген. «Құрмет белгісі» орденымен және басқа да медальдармен марапатталған.
Он реттен астам ауыл Кеңесінің депутаты, төрт рет аудандық Кеңесінің депутаты болып таңдалған. 1966-1970 жылдары Партия Обкомының мүшесі, 1996-200 жылдары ҚР орталық ардагерлер Одағының мүшесі.
Железин ауданының құрметті азаматы.
Гегер Николай Федорович - 1924 жылдың 12 шілдесінде туған. 1942 жылы Кеңес Әскерінің қатарына шақырылады. Сержанттық мектебін жедел тәмәмдағаннан кейін, Тихий океан флотының жағалау күзет қатарына жіберіледі, теңіз жаяу әскерінің құрамында Япониямен жауынгерлік іске қатысқан. Пединститутты тәмәмдап, мектеп директоры болып жұмыс істеген, содан соң партия жұмысына ауыстырылады. Ермак, Қашыр, Баянауыл, Железин және Щарбақты аудандарында жұмыс істеген.
1969 жылдан 1980 жылға дейін Железин райкомының партия төрағасы болып істеген.
«Құрмет белгісі», «Қазазан революциясының», «Еңбек Қызыл әскерінің», «Отан соғысының» ордендарымен, «Облыс алдында ерекше еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.
Железин ауданының құрметті азаматы.
Пашковская Дина Ефремовна - 04.06.1928 ж. Железин ауылында туған, педагог, қазақ ССР ағарту озаты, өлкетанушы.
Семей мұғалімдер институтын 1948 жылы және Омбы педагогикалық институтының филология факультетін тәмәмдаған/1961/. 1948-1984 жж. – Железин № 1 ОМ орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Тарихи-өлкетану жұмысымен айналысатын. Аудандық және облыстық газеттерінде жарияланған.
Көптеген медальдар мен грамоталар иегері.
Ғалия Құсаинқызы Балтабай - 1948 жылы Павлодар облысының Железин ауданындағы "Аққайың" Комаровка ауылында туған. 1966 жылы Ертіс ауданындағы номмері 2-ші қазақ мектебін тәмәмдап, Әль-Фараби атындағы университетіеің журналистика факультетітің бітірген.
Еңбек жолын 1966 жылы "Аққайың" мектебінде бастап,1967 жылы Республикалық Қазақ радиосына қызметке алынады. 1983 жылы Павлодар телерадиокомитетіне ауысады. 1987-1997 жылдар аралығында Республикалық Қазақ радиосының Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне тағайындалады және Павлодар облыстық телеарнасының қазақ тіліндегі Жаңалықтар редакциясын басқарады. Ғалия Балтабайдың сын хабарларының нәтижесінде Павлодарда Ж.Аймауытов атындағы областық қазақ театры, облыстық балалар ауруханасы, Екібастұзда қазақ мектептері мен балалар бақшасы ашылды, 20 дан астам соғыс мүтедегі мен ардагерлері, тұрмысы төмен адамдарға тұрғын үй алып беруге телехабарлары арқылы көмектескен.
1997 жылы Ғалия Құсайынқызы Астана радиосына қызметке ауысады. Ол талай мәрте Қазақстан Респубьликасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алған.
Ал 2001 жылы павлодар облыстық радиосына директор қызметіне ауысып, республикалық конкурс-тендерлерден өтіп, Павлодар радиосын ҒМ жиілігіне шығарады. Сөйтіп облыста радионы сақтап қалды. Бұл республикадағы жалғыз қалған облыстық радио екенін мақтанышпен айтамыз. Ғалия Құсайынқызы 42 жыл еліне тапжылмастан қызмет етіп, 61 жасында зейнетке шықты.
Ғалия Құсаинқызы Балтабай - 1. "Тұғыры биік тұлғалар". 2. "Иса ақын және оның ұрпақтары", 3. "Емші құдыреті", 4. "Әрбір үйге радио қажет", 5. "Есімдері ел есінде", 6. "Ұлы Женіс - ұрпаққа ұлағат", 7. "Тағдырларды біріктірген - Қазақстан", Тәуелсізіктің 20 жылдығына арналған. 8. "Ақмола облысы" атты және Железин ауданына арналған екі томдық, 9. "Туған жер перзенттері", 10. "Шипасымен шуақ шашқан" атты кітаптардың авторы.
Наградалары: "Тәуелсізіктің 10 жылдығы" медалімен марапатталған. ҚР-ның мәдениет қайраткері, ҚР-ның құрметті журналисі, "Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін" төс белгісінің иегері, Ғалия Құсаинқызының есімі "Кто есть кто в Республике" және республикалық "Почитаемые люди земли казахскойә, "Известные женщины Павлодарского Прииртышья" сол сияқты Павлодар облыстық "Кто есть кто" кітабына да енген.
Есімжан Дюсембайұлы Абылғазин - 1938 жылдың 8-ші қазанында дүниеге келген. 1969 жылы Алматының медицина институтын бітірген. Мамандығы тіс дәрігері. Еңбек жолын алғашында Железин аудандық ауруханасында бастайды.
1970 жылдан 1990-шы жылға дейін Новокузьминка, Память – Киров сохоздарындағы учаскелік ауруханаларында Бас дәрігер болады.
Ал 1990-1998 жылдары Железин аудандық ауруханасын басқарды. Ол қызмет еткен орындарында үнемі адам денсаулығына ғана көңіл бөліп қоймай, аудандағы ауруханалардың жабдықтау мәселесіне, шаруа шылық жұмыстарына да араласып, қолдан келген жағдайды жасап отырды.
Аудандық Кеңестің депутаттығына да бірнеше сайланғанхалық қалаулысы.
Есімжан Әбілғазин өзінің 38 жыл дәрігерлік қызметін абыройлы атқара отырып, марапаттан да құр алақан емес. «Озат еңбегі үшін» медалінің иегері. Облыстық, аудандық грамоталармен де марапатталған.
Есімжан Абылғазин қазірде Железин ауданының орталығында жан жолдасы Раиса Андреевнамен бірге, балашаға, немерелерін тәрбиелеп, бақытты өмір сүруде.
Акиф Мамедович Гасанов - 1938 жылы Армян Республикасының Иджеван ауданындағы Ахкухлу ауылында дүниеге келген. Колхозшылар отбасынан шыққан, ұлты азербайжан. 1955 жылы орта мектепті туған жерінде екі жылдай бақташы болып, мал бағудан бастайды.
1960 жылы Ереван қаласындағы ауылшаруашылығы техникумына оқуға түседі. Оны қызыл дипломмен бітірген ол кіші зоотехник мамандығын алып шығады.
Еңбек жолын Донецк қаласын дағы номері 1-ші Шверник атындағы шахтада бастап, кенші болады. Содан 1962 жылы комсомолдық жолдамамен Павлодар облысының Тимирязев совхозына мал бригадасының бригадирі, 1965 жылы Плодородный совхозына Бас зоотехник қызметіне ауысады.
Ал 1971 жылы Семей қаласындағы малдәрігерлік институтына түсіп зоотехник мамандығын толық меңгереді. 1974-1976 Тереңкөл ауданық ауылшаруашылығы басқармасының Бас зоотехнигі, ал 1982-1987 жылдары Железин аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1989 жылы «Червоноукраинский» совхозының директорлығына тағайындалады. Қайта құру кезеңінде 1999-2006 жылдар аралығында Акиф Гасанов «Береговое» жеке шаруа қожалығын ашып, шаруашылықты басқарып, шағын кәсіпкерлікке жол ашады.
Сол кездері ол қайрымдылық шараларына қатысып, орталықтағы мешіттің ашылуына қаржы бөліп, Ұлы Отан соғысы арда герлері мен тұрмысы төмен адамдарға бидай, ұн, малдың жемазығын тегін беріп тұрған. Акифа Гасанов қазіргі уақытта құрметті демалыста, төрт баланың отағасы атанған бүгінде ол немерелерімен бақытты өмір сүруде.
Акиф Гасанов Одақтық, Республикалық грамоталардың иегері. «Ерен еңбегі үшін», Тыңға 50 жыл», «Еңбек ардагері» тағы да басқа медальдармен марапатталған.
Оралбек Қожанов - 1937 жылдың 14 мамырында Павлодар облысының Ақсу ауданындағы Қазалы ауылында туған. Осы ауылдағы Жамбыл
атындағы орталау мектепті бітіріп, Семейдің зотехникалық-малдәрі герлік институтына түсіп, зоотехник мамандығын алып шығады.
1960-1965 жылдары ферма зоотехнигі кейіннен бас зоотехник болады. 1965-1974 жылдары Железин аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Баянауыл аудандық ауыл шаруа шылығы басқармасы
қызметтерін атқарды.
1978-1988 жылдары Қазақстан Компартиясы Екібастұз аудандық комитетінің бірінші хатшысы, 1989-1992 жылдары Облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы, Облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, кейіннен төрағасы қызметінде болды. 1993-1997 жылдары облыс әкімінің бірінші орынбасары міндетін атқарды. 1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи геогра фиялық қоғамы қорының – директоры.
Оралбек Қожанов 1997 жылы Меккеге қажылыққа барлып, ғибадат етіп қайтты. Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп мешітін салу жөніндегі қамқоршылық көрсету кеңесінің төрағасы болды.
Оралбек Қожановтың есімі 1997 жылы шыққан «Кто есть кто в Республике» және 2000 жылы шыққан «Кто есть кто в Казахстане» атты кітабына енген.
1996 жылы Оралбек Қожановтың «Өмір жолдан басталады», 1999 жылы «Академик Қаныш Сәтпаев жерлестері жадында», 2001 жылы «Ой өрнектері» кітап тары жарық көрген. Бұл кітаптардың барлығы орыс тіліне аударылған. Оралбек Қожанов жұмыс сапарымен 20-дан астам шетелде болған.
Оралбек Қожанов Еңбек «Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендерімен және көптеген медаль, грамоталармен марапатталған.
Василий Иванович Мельник - 1948 жылдың 20 сәуірінде дүниеге келген. 1956 жылы әкесі Иван Мельниктітың және тыңайған жерді игеруге Павлодар облысының Железин ауданына жібергенде ол бірге еріп келеді.
1972 жылдың мамыр айында Василий Мельник Павлодардағы Красноармейка ауылшаруа шылығы техникумын бітірген, 1985 жылы ауылшаруашылығы институтын тәмамдап, зоотехник мамандығын алып шығады.
14 жыл «Советский Казахстан» совхозынының меңгерушісі қызметін атқарады. 1986 жылы Х1Х партсьезд совхозына директор болып тағайындалады. Ол директор болған жылдары совхоздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, жаңа көшелер, жылу трассалары салынып, ауыл абаттанып, көркейіп, елге су құбырлары тартылып, жаңадан жылу орталығы, малдың жемазығын дайындайтын орын, мұнай базасы салынады. Совхозда құрылыс жұмыстары да қарқынды жүрді. Ал, қайта құру жылдары, ауылшаруашылығын реформаландыру кезінде Василий Мельник «Пахарь» шаруа қожалығын құрып, сол шаруашылық ты басқарды.
2007 жылдан құрметті демалысқа шыққанға дейін Железин ауылының әкімі болып қызмет етті.
Василий Иванович Мельник екі дүркін аудандық Кеңестің депу таттығына сайланған және Железин ауданына сіңірген зор еңбегі үшін Үкімет наградаларымен де марапатталған.
Рымтай Шөкейұлы Шөкеев - 1944 жылдың 9-шы мамырында Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында дүниеге келген. 1970 жылы қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университетті бітірген. Мамандығы «Ғалым-мал өсіру маманы».
1970-1981 жылдар аралығын да, алғашында Баян ауыл сохозында Бас зоотех ник, кейіннен Баянауыл аудан дық ауылшаруашылығы басқармасының Бас зоотехнигі болып қызмет атқарады.
1981-1987 жылдары Рымтай Шокеевтің ұйымдастырушылық қабылетінің барын көрген аудан басшылары оны Баянауыл ауданындағы «Южный» совхозына директор етіп тағайындайды.
Осы жылдар аралығында ол совхоздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеріп, совхозды
алдыңғы қатарға шығарады. 1987-1990 жылдары қызмет баспалдағы одан әрі жоғарылап, Железин аудандық атқару комитеті председателінің орынбасар лығына, арасына жыл салмай Железин аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалады. 1990-1992 жылдары Рымтай Шөкеевтің қызметі одан әрі жоғарылап, Баянауыл аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы
болып сайланады да, бір жылдан кейін Баянауыл аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалады. Ал 1992-1993 жылы Екібас тұз қаласындағы ет комбина тының директоры, 1993-1995 жылдары Лебяжі ауданы әкімшілігінің басшысы, 1995-1997 жылдары Павлодар облыстық агроөнеркәсіп департаментінің бастығы болса, 1997-2001 жылдар аралығында Ертіс ауданының әкімі қызметінде болды. 2001-2003 жылдары ең жауапты деген қызмет – Павлодар облыстық әлеуметтік қорғау және халықты еңбекпен қамтамасыз ету департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2003-2004 жылдары «Павлодар Заман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры қызметінде, ал 2008-2013 жылдары Халық Ассамблеясы жанындағы «Достық Үйінің» директоры болды. Рымтай Шокеев мемлекеттік қызметте 35 жылдай қызмет жасап, Тыңның 50 жылдығы», Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталган. Железин ауданының құрметті азаматы.
Тәуекел Сләмбек Тілеуғабылұлы - 1948 жылдың 2 сәуірінде Павлодар облысының Железин ауданының /бұрынғы Михайловка/ «Жаңабет» ауылында өмірге келген.
1971 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киноматографистердің институтына оқуға түседі. Кино және телевидение өнеркәсібінің ұйымдастырушысы факультетін бітіреді.
1971 жылы «Қазақ фильм» киностудиясы директорының орынбасары, кейіннен директоры болады. 1973 жылы Қазақ ССР Мемле кеттік кино басқармасы предсе дателінің орынбасары әрі атқарушы директоры қызметін атқарады.
200-ге жуық мақаланың авторы. 1975 жылы «Күн қояны» атта балаларға арнап мультфильм түсіреді. Сләмбек Тәуекел қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген, бар тілде де таза сөйлейді.
1991 жылы Шакен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудисына режиссер болып ауысады. Міне осы жылдарда Сләмбек Тәуекелдің шығармашылық өрлеу жылдары басталады.
2001 жылы «Қазақстан» Республикалық телеарнасы председателінің орынбасары, 2004 жылы Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат Министрлігі жанындағы Ақпарат және архив комитетінің председателі қызметін атқарады.
Оның «Батыр-Баян», «Махамбет», «Ата жұрт», «Наурыз, құтты болсын!» «Потерянный край», «Гимн в юрте», «Асанали», «Бір бала» фильмдерін қойып, осы туын дылардың қоюшы - режиссері болды.
1973 жылдан Қазақстан киноматографистер Одағының мүшесі.
Сләмбек Тәуекел «Құрмет белгісі» орденінің иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Аңыз - адам
Прокопцов Фёдор Моисеевич - Семей губерниясының Павлодар уезінің Максим-Горький ауданының Михайловка ауылында дүниеге келді. 1930 Федор Железин жеті жылдық мектебіне барады. 1938 жылы мектепті бітіріп, мектеп директорының кеңесімен, Федор Моисеевич пәндік мұғалімдерді дайындау бойынша курстарға түсті. Курстарды тәмәмдап, Безводное ауылына жаңадан ашылған жеті жылдық мектепке жұмысқа жіберіледі.
1940 жылы ол Михайловка орта мектебіне ауысып, 5-7 сыныптарда математика пәнін жүргізетін. 1948 жылы ол Семей педагогикалық институтына сырттай оқуға түсіп, оны тәмәмдап, Михайловка орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болып істеді. Ал 1953 жылдан оны Победин жеті жылдық мектебінің директоры болып тағайындайды. Әр мұғалімнің шеберлік негіздері түрлі. Федор Моисеевичтің бойында – жоғары педагогикалық мәдениет, ұйымшылдық, қарапайымдық, әдептілік, және ең бастысы, балаларға деген сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдері болатын.
1 сәуірден бастап ол Михайловка районосының меңгерушісі болып тағайындалады. 1958 жылдан бастап – Михайловка мектебінің меңгерушісі және математика пәнінің мұғалімі, ал 1960 жылдың сәуірінен – Урлітөбе (1963 жылдан – Железиндік) райононың меңгерушісі, осы жерде 1983 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс жасап өтті. Бұл Ұстаздың еңбегі өз жоғары бағаланды – оған Қазақ ССР халықтық ағартудың озаты атағы берілді. Сонымен қатар, «Құрмет Белгісі» орденімен және 4 медальмен марапатталған.
Прокопцов Фёдор Моисеевич мұғалімдер әулетінің негізін салды. Оның әйелі Любовь Гавриловна, қыздары Нина Фёдоровна және Светлана Фёдоровна өздерін балаларға арнады. Федор Моисеевичтің барлық әріптестері Федор Моисеевичті мерейтойымен құттықтап, ауданның білім саласын құрып, дамытқанына алғыстарын білдіреді. Мықты денсаулық сізге, Федор Моисеевич! Сіз біз үшін үнемі үлгі болып қала бересіз. Сонымен қатар Железин ауданының құрметті азаматы болып отыр.
ҰОСның ардагері
Кузьма Иванович Чуйкин - 1923 жылдың 14 қазанын да Михайловка совхозының Тайсойған ауылында туған. МТС-те комбайнер болып істейді.
1942 жылы әскер қатарына алынып, Семей қаласындағы әскери училищеге жіберіледі. 156-шы арнайы бригада құрамымен соғысқа қатысады. Оңтүстік Батыс майдан шебінде болады. Бір бөлімді басқарады. 1945 жылы Гурьев әскери училищесін тәмамдап, әскердегі қызметін одан әрі жалғастырады. Соғыстан кейін де әскер қатарында қалып, елге 1946 жылы қайтады.
Өзінің бұрынғы жұмысын МТС-де жалғастыра жүріп, Красноармейкадағы ауыл шаруашы лығы техникумына оқуға түседі. Оқуын бітірісімен «Мирный» совхозында бөлімше басты ғы болады. Одан кейін 10 жыл қатарынан бөлімшенің агрономы болып қызмет жасайды. 44 жыл қызмет етіп, 1983 жылы зейнетке шығады.
Еңбек демалысында жүрсе де Кузьма Иванович Чуйкин Михайловка ауылындағы қоғамдық жұмыстарға да қатысып келеді. Бастауыш ардагерлер Кеңесінің төрағасы. Ол мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие жұмысын жүргізуде. Ауылда өтетін барлық шараларға қатысып отырады.
Ұлы Отан соғысының медальдары мен қатар «Еңбек ардагері», «Тың жерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған.
ҰОСның ардагері
Михаил Иванович Лиханов - 1923 жылдың 19 қаңтарда Железин ауданының орталығында туған. 1930 жылдары оның ата-анасы жұмыс бабымен Ертіс ауданының Кайманачиха ауылына көшіп барады, біраз уақыт соғыс басталғанға дейін сол ауылда тұрады.
1942 жылдың тамызында Павлодар қалалық әскери комиссариаты шақыртып, Михаил Лиханов Мәскеу қаласында жинақталып жатқан армия қатарына алынады. 1942 жылдың 15 қырқүйек күні Воронеж фронтының 97-ші гвардиясының миномет полкына келіп қосылады. Онда ол РМ-16 қаруына дәлдеуші болады.
1942 жылдың 15 желтоқсан күні Степной фронтына жіберіледі. Осы жақтан Сталинградты азат етеді. Сол сияқты Белгород, Харьков қаласын жаудан тазартып, Курск шайқасына да қатысады.
Майдан шебінде ерлік көрсете отырып, Михаил Лиханов 1943 жылы Украинаның Кременчук қаласы маңындағы соғыста болады. Ал 1944 жылы КорсуньШевченковск, Яссо Кишиневтағы гитлер топтарын жоюға қатысады. Одан кейін Венгрия, Румыния, Чехословакия жерлерін азат етеді. 1945 жылы жараланып, Мәскеудің госпиталінде емделеді. Соғыс біткеннен кейін, 1946 жылдың 15 наурызына дейін әскери міндетін одан әрі жалғастырады.
1946 жылы туған жеріне оралып, Мемлекеттік банктің Железин бөлімшесінде несие бөлімінің инспекторы болады. 1958-1968 жылдары осы банктің басығы қызметін атқарады. 1968 жылдан зейнетке шыққанға дейін осы банк те аға экономист болып істейді. Зейнетке шыққаннан кейін тігін фабрикасында экономист болып қызметін жалғастырады.
Михаил Лихановтың ұзақ жылғы еңбегі ескеріліп, «Ұлы Отан соғысының 2-ші дәрежелі» және «Қызыл жұлдыз» орденімен, сол сияқты «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» тағы да басқа да 7 медальдарымен марапатталған.
ҰОСның ардагері
Фомов Андрей Петрович - 1922 жылы 13 желтоқсанда Павлодар облысының Железин ауданындағы Захаровка ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін ол ауылда тракторшы болып жұмыс істеді. 1941 жыл армия қатарына алынып, Прибалтика майданына қатысады. Аға сержант, танкист Андрей Фомов осы соғыста жараланады.
Майданнан оралған соң ауылда қойма меңгерушісі диспетчер болады.
Жауынгерлік марапттар: 2-ші дәрежелі «Отан соғысының» Ордені, «Ерлік үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдар, мерейтой медальдары. Еңбек марапаттары: «Тың және тыңайған жерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдары.
Бүгінде Фомов Андрей Железин аудан орталығында тұрады.
ҰОСның ардагері
Махметов Салмен Махметович - 1924 жылы 3 қыркүйекте Железин ауданының Содатағаш ауылында дүниеге келді. 1942 жылдың тамыз айында майданға аттанды. 3-ші прибалтия фронтының 105-ші шекара полкының құрамында ерлікпен шайқасқан. Мерген болды, содан соң 108-ші шекара полкында атқыш және Берлин фронтының 38-шекара полкында мерген-атқыш болған. 1943 жылдың күзінде Латвия астанасы Рига қаласын босатқан, содан батыс Белорусияда ол бандиттік құрылыстарды жойған. Кейін, оның полкын Польша арқылы Берлинға шабуыл жасауға жібереді. 1945 жылдың шілдесінде, 38-ші шекара полкының құрамында 3 ұлы мемлекет - Англия, Америка, СССРдің Потсдам Конференциясын күзеткен. Германияны жеңгеннен кейін қазақстандық жауынгер өз борышын әскерде жалғастырады. Тек 1949 жылы ол әскерден қайтып оралады.
Ерлігі үшін және әскери шайқасқа қатысқаны үшін Махметов С.М. «Екінші дәрежелі»Отан соғысының» орденімен, Германияны жеңгені үшін «Маршал Жуковтың атындағы» медальмен және сегіз мерейтой медальдарымен марапатталды.
Соғыстан кейін, зейнеткерлікке кеткенше соғыс ардагері кеңестік-партиялық жұмыс жасады. «Железинский» совхозының партком хатшысы болған. Екі мәрте ол аудандық кеңесінің депутаты болып сайланды. Махметов С.М. жалпы еңбек өтілі – 46 жыл. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін ауылдың барлық шараларына қатысып, мектептердің жиі қонағы болатын. 2015 жылы қайтыс болды.
ҰОСның ардагері
Алексей Видяков - 1926 жылы 22 қыркүйекте Мордовияның Краснослободскі ауданындағы Желтоногово селосында туған. 1938 жылы оның отбасы Железин ауданына көшіп келеді. Майданға 1943 жылы алынады. Қиыр Шығыста, Маньчжурияда, Кореяда әскер қатарында болады. Кейіннен шекараға жіберіледі.
Тек 1950 жылы ғана майданнан елге оралады. Алғашында асхана меңгерушісі, ДОСААФ-тың төрағасы болады, зейнетке шыққанға дейін Железинка ауданындағы тұрмыс қажетін өтеу комбинатында қызмет атқарады.
Ұлы Отан соғысының 2-дәрежелі ордені мен «Жапонияны» жеңгені үшін, «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған. Алексей Видяков қазіргі уақытта Железин ауданының орталығында тұрады.
Предеха Михаил Егорович - Брянск облысының тумасы. Воронеж ауыл шаруашылық институтын тәмәмдағаннан кейін, Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Шадринск (қазіргі Сатпаев) совхозының бас агрономы, Баянауыл басқармасының ауыл шаруашылық бас агрономы, Баянауыл ауданының Южный совхозының директоры, Баянауыл райисполкомының төрағасы болып жұмыс істеген. Мәскеудегі жоғары партия мектебін тәмәмдағаннан кейін, 1975 жылы Павлодар райисполкомының төрағасы болып таңдалды, 1980 жылы Павлодар қаласына, обоагропром төрағасының орынбасары болып ауыстырылады. Содан соң ауыл шаруашылықтың облбасқармасының бастығы болып тағайындалады.
Жұмыс істеген жылдар бойы «Қазан революциясы», екі «Құрмет белгісімен», үш медальмен, ҚазССР Жоғары Кеңесі Президиумының екі грамоталарымен, СССР ВДНХ екі күміс алқасымен марапатталған.
Железин ауданының құрметті азаматы.